29 маусым 2017 09:30

Алматыда 50 бөлмесі бар сарай үй сатылып жатыр

Алматыда 50 бөлмесі бар, ауданы 3 мың шаршы метрден асатын, 280 сотық жер телімі бар сарай үй сатылып жатыр, - деп хабарлайды krisha.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 50 бөлмесі бар, ауданы 3 мың шаршы метрден асатын, 280 сотық жер телімі бар сарай үй сатылып жатыр, - деп хабарлайды krisha.kz.

Зәулім үй Медеу ауданындағы "Юбилейный" ықшамауданында орналасқан. Хабарландыруға сенсек, екі қабатты үй кірпіштен салынған. Барлық жағдайы жасалған. Территориясы қоршалған. Үйге мегаполистің басты даңғылдарының бірі Достықтан кіруге болады. 

Реклама
Реклама

Ғимарат барокко, постмодернизм және кей жерінде шығыстық мәнердегі элементтермен салынған. Ал ауласында бірнеше мүсін бар екен. Үйді иесі 2,2 миллиард теңгеге (6,8 миллион доллар) сатып отыр. Басылым тілшісі оның елден кетпек болғандықтан үйді сатқысы келгенін анықтапты. Алайда нақты қай елге көшкісі келгені белгісіз. 

Бір қызығы, хабарландыру авторының сөзінше, үй 2000-жылдары салынған, бірақ бүгінге дейін үйде ешкім тұрмаған. Сатып алған адам үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шығындалады.


© krisha.kz

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram