25 қазан 2019 | 09:09

Алматылықтар жалға берілетін баспананың қымбаттығына шағымданып жатыр

© Tengrinews.kz

Алматылықтар жалға берілетін баспананың қымбаттығына шағымданып жатыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылықтар жалға берілетін баспананың қымбаттығына шағымданып жатыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Сарапшылардың айтуынша, бағаның құбылуына ипотеканың қолжетімді болмай отырғаны себеп.

Реклама
Реклама

Еліміздегі Риэлторлар қауымдастығының вице-президенті Нина Лукьяненко нарықта соңғы екі жылда жалдамалы пәтерлердің қымбаттағанын айтады.

"Соңғы екі жылда бағаның өскені байқалады. Бұдан 2-3 жыл бұрын 1 бөлмелі пәтердің, 30 шаршы метрі 60-80 мың теңге болса, бүгінде 90 мың теңгені көрсетіп тұр. Қазіргі таңда тұрғындарға пәтер сатып алудан гөрі оны жалдап тұру тиімдірек болып тұр. Өйткені пәтерді сатып алу қымбатқа түседі. Ал несие немесе ипотекаға алайын десе бастапқы жарна болуы керек. Соның себебінен қазір қалада жалдамалы баспаналарға сұраныс жоғары", - дейді Лукьяненко.

Сарапшылардың айтуынша, қарапайым тұрғындар үшін ипотека салмақ салады. Сондықтан пәтер жалдап тұру қолайлы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная