ПОДЕЛИТЬСЯ
20 тамыз 2019 | 16:06
Арыста 7 мыңнан аса үй қалпына келтірілді
Арыстың бес секторында қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 20 тамызға қарай Арыс қаласында 7056 жеке және көппәтерлі үйлер қалпына келтірілді , - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктегілердің мәліметінше, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары мен СҚО секторларында құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе және Ақмола облыстарының секторлары 99 пайызға қалпына келтірілді. Арыстың тұрғын үй қорында 5 мыңнан аса жұмысшы жұмысын жалғастырып жатыр.
"Бүгінде 698 тұрғын үйде әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, тағы 41 үйді құрылысшылар нөлден бастап тұрғызды. Меншік иелерінің келіспеуіне байланысты 34 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілмей тұр. 2 мыңға жуық құрылысшы әлеуметтік нысандарда жұмыс істейді, олар білім беру мекемелерінің 50 ғимаратын, 4 денсаулық сақтау нысанын және екі спорт мектебін пайдалануға тапсырды", - делінген министрліктің хабарламасында.
Показать комментарии
Читайте также