24 шілде 2019 | 13:59

Арыста екі мыңнан аса үй толық жөнделді

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы тұрғын үйлерді қалпына келтірумен айналысып жатқан Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі 9 сектор, Шымкент қаласына тиесілі 10 сектор, БҚО-на тиесілі 11 сектор, жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы тұрғын үйлерді қалпына келтірумен айналысып жатқан Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі 9 сектор, Шымкент қаласына тиесілі 10 сектор, БҚО-на тиесілі 11 сектор, жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы төтенше жағдайдан жапа шеккен нысандарды жөндеуге жауапты облыстардың кемшіліктерін айтып, сын-ескертпе жасады.

Реклама
Реклама

"Атырау, Павлодар облыстарының жұмысы жүйелі. Толықтай үйлерді бұзып, нәтижелі жұмыс істеуде. Уақытты жоғалтып алдыңыздар. Құрылысы басталмаған үйлер де бар. Тұрғындармен тіл табысып жұмыс істеу қажет.  Тездетіп жұмыс қарқынын үдетпесеңіздер үлгермейсіздер", - деді облыс басшысы.

Жалпы, Арыс қаласында 8466 үй бар, оның ішінде апаттан кейін тұруға жарамсызы - 315. Зақымданған үйлер саны - 7157 болса, ақау АКТ-сі жасалған жеке үйлер саны - 7350. Қазіргі таңда 4945 үйде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 2048 үйде жөндеу жұмыстары аяқталып, үй иелеріне тапсырылды. 359 үйдің құрылысы енді басталмақ. 17 секторда жиыны 7649 маман жұмыс істеуде.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная