29 қараша 2018 | 14:09

Астана бойынша ипотекалық несиенің орташа сомасы аталды

© Хабар 24

"Баспана Хит" бағдарламасы бойынша несие алуға мақұлданған 30 өтінімнің 14-ін Астана тұрғындарына берілген, - деп хабарлайды Елорда Инфо "Баспана" ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Баспана Хит" бағдарламасы бойынша несие алуға мақұлданған 30 өтінімнің 14-ін Астана тұрғындарына берілген, - деп хабарлайды Елорда Инфо "Баспана" ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Баспана Хит" бағдарламасы бойынша 730 миллион теңгенің өтінімі қабылданды. 27 қарашадағы көрсеткіш бойынша, 80 қазақстандық "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша несие алуға өтініш берген. Оның ішінде сомасы 257 миллион теңге болатын 30 өтінім мақұлданды. Мақұлданған 30 өтінімнің 14-ін Астана тұрғындарына берілген. Қазақстан бойынша ипотекалық несиенің орташа сомасы - 8,5 миллион теңге, Астана қаласы бойынша орташа сома 11 миллион теңге шамасында", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, "Баспана Хит" азаматтарға 11 пайыздық жылдық үстемемен бұған дейін қолданыста болған үйлерді алуға мүмкіндік береді (пайыз мөлшерлемесі Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне тәуелді).

Қазіргі уақытта барлық өтінімдер "Цеснабанк" АҚ тарапынан қабылданып, мақұлданды. Бүгіннен бастап "Қазақстан халық банкі" АҚ Баспана Хит бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауға кірісті. Сондай-ақ алдағы желтоқсан айында бағдарламаға Еуразиялық банк, ЦентрКредит банкі, Forte Bank, Bank RBK және Сбербанк қосылады. Сбербанк сонымен бірге "7-20-25" және "Баспана Хит" ипотекалық бағдарламаларын бір уақытта іске қоспақшы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram