Астана посткеңестік елдердің елордалары қатарында қолжетімді баспана бойынша бестікке кірді

Астана посткеңестік елдердің елордалары қатарында қолжетімді баспана бойынша бестікке кірді © Тұрар Қазанғапов

Астана посткеңестік елдердің елордалары қатарында қолжетімді баспана бойынша бестікке кірді. Homsters.kz компаниясы тәуелсіз 15 мемлекеттің жылжымайтын мүлкі мен табыс деңгейін зерттей отырып, осындай пікірге келді.

Рейтингте Астанада 4-орында тұр. Сарапшылар бірінші кезекте елордадағы жылжымайтын мүліктің шаршы метрінің бағасы мен қаладағы тұрғындардың орташа жалақасын есепке алды. Айта кетейік, сараптамада мәліметтер ашық дереккөздерден алынды.

Сондай-ақ, ең қолжетімді баспана Латвияда да байқалды. Ондағы тұрғындар бір айда 667 еуро жалақы алған жағдайда шаршы метрге ақша жинай алады екен. Қолжетімді баспаналар тізімінің екінші орнында Таллин қаласы тұр. Эстония тұрғындары тұрғын үйдің шаршы метрін бір жарым айлық еңбекақысымен сатып алу мүмкіндігі бар.

Реклама
Реклама

Ал үшінді орында Арменияның бас қаласы Ереван тұр. Ереванда пәтердің шаршы метрін сатып алу үшін екі айға жуық уақыт жұмыс істеу керек екен. Сондай-ақ, Қазақстандағы тұрғындарға да пәтердің шаршы метрі үшін екі айлық жалақы қажет. Қолжетімді баспаналардың тізімін Минск қорытындылады. Минск тұрғындарына пәтердің шаршы метрін сатып алу үшін екі айлық жалақы керек екен.

Айта кетейік, Душанбе мен Ашхабад тұрғындарына пәтердің шаршы метрін сатып алу үшін 8-9 айлап жұмыс істеу керек.

"Астананың қолжетімді баспаналардың тізімінде алғашқылардың бірі болуы кездейсоқ емес. Себебі 2015 жылғы девальвациядан кейін елордадағы және Қазақстандағы тұрғын үйлердің бағасы түсті", - деді Homsters.kz компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Олеся Мельникова.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама