14 ақпан 2019 13:58

Астанада тұрғын үй сертификатын алушылардың тізімі кеңейеді

Дина Муратова Редактор
© фото Tengrinews.kz

Астанада 2019 жылы тұрғын үй сертификатына 2 миллиард теңге бөлінеді. Сертификатты алатын адамдардың тізімі кеңеймек. Бұл туралы Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Руслан Ахметов айтты, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шарттарға сәйкес әлеуметтік көмек 1 миллион теңге көлемінде педагогикалық, медициналық және полиция қызметкерлеріне беріледі. Осы тізімге мемлекеттік қызмет көрсетуші орталықтың, дағдарыс орталығының, оңалту орталығының, қарттар үйінің және мүгедек пен мүгедек бала қызметкерлерін қосу туралы ұсыныс түсті" - деді Ахметов.

Реклама
Реклама

Оның сөзінше, Астанада осындай жұмыскердің саны - 1260, олардың орташа айлығы - 70 мың теңге. Олардың 482-сі баспанаға мұқтаж екен.

"Әкімнің қаулысы шықты. Өткен жылы 100 миллион теңге бөлінген, биыл 2 миллиард теңге бөлу жоспарланып жатыр. Сертификат иесіне үш ай уақыт беріледі, осы уақыттың ішінде пәтер таба алмаса, онда сертификатты қайтаруы тиіс" - деді ол.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram