07 желтоқсан 2018 | 13:38

Байбек Алматыда мембағдарламамен қанша пәтер берілгенін айтты

© chas-remonta.com

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Алматыда мемлекеттік бағдарламамен қанша пәтер берілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Алматыда мемлекеттік бағдарламамен қанша пәтер берілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі брифинг барысында Алматының аса ірі қаржы-экономикалық, іскерлік, сонымен қатар, мәдениет пен өнердің, спорттың, руханияттың орталығы ретінде үнемі Елбасы назарында екенін айтып өтті.

Осы ретте ол биыл қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыға сапар барысында қаланың дамуы бойынша кеңес өткізіп, нақты міндеттер қойғанын еске салды.

Реклама
Реклама

Бауыржан Байбектің айтуынша, Мемлекет басшысының "Нұрлы Жол", "Нұрлы жер" және "Бес әлеуметтік бастама" мемлекеттік бағдарламаларының аясында тұрғын-үй құрылыс жұмыстары үлкен қарқынмен жүргізіліп жатыр.

"Нұрлы жер" бағдарламасының аясында биылғы жылы 4 800 отбасы жаңа пәтер алады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20 пайызға артты. "Нұрлы Жол" бағдарламасының аясында 4 200 жұмыс орны құрылып, 111 шақырым инженерлік желі жүргізілді. 28 әлеуметтік тұрғын үй және 2 мектепке қосалқы ғимарат салынды. "7-20-25" бағдарламасы бойынша республика көлемінде келіп түскен өтініштердің 30 пайыздан көбі Алматыға тиесілі. Соның жартысы, яғни жалпы сомасы 10,9 миллиард теңге болатын 843 пәтер несиесі мақұлданды", - деді Алматы әкімі.

Оның айтуынша, осы жылдың соңына дейін 600-ден аса пәтер пайдалануға беріледі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная