30 қаңтар 2020 | 12:46

Биыл аз қамтылған 13 мың отбасыға пәтер беру жоспарланған

© Тұрар Қазанғапов

2020 жылы Үкімет 11 мың аз қамтылған отбасыға мемлекет қаражатынан пәтер беріледі, ал екі мың пәтер - демеушілер есебінен беріледі. Бұл туралы Мәжілісте премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2020 жылы Үкімет 11 мың аз қамтылған отбасыға мемлекет қаражатынан пәтер беріледі, ал екі мың пәтер - демеушілер есебінен беріледі. Бұл туралы Мәжілісте премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Басты мәселе - қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Былтыр Қазақстан тарихында алғаш рет 13 миллион шаршы метр тұрғын үй берілді. Яғни 95 мың отандасымыз баспаналы болды", - деді Сапарбаев. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Үкімет аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында жұмыстар жүргізіп жатыр. 

"Былтыр аз қамтылған отбасыларға 11 мың пәтер берілді. Оның ішінде екі мың пәтер - демеушілер есебінен. Қазір біз 2020 жылы осы көрсеткішті ұлғайтып, 11 мың пәтер - мемлекеттік бюджеттен және екі мың пәтер - демеушілер есебінен беруді көздеп отырмыз", - деді Үкімет басшысының орынбасары. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная