02 маусым 2022 13:52

Дубайда қазақстандықтардың миллиард долларлық жылжымайтын мүлкі бар - зерттеу

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

1,5 мың қазақстандықтың Дубайда құны миллиард доллардан астам болатын жылжымайтын мүлкі бар. Мұндай мәліметті EU Tax Observatory (Еуропалық салық обсерваториясы) сарапшылары мамырдағы есебінде келтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

1,5 мың қазақстандықтың Дубайда құны миллиард доллардан астам болатын жылжымайтын мүлкі бар. Мұндай мәліметті EU Tax Observatory (Еуропалық салық обсерваториясы) сарапшылары мамырдағы есебінде келтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарияланған есепте сарапшылар Дубайдағы 800 000 жылжымайтын мүлік иелері туралы деректерді талдаған.

"Дубайдағы оффшорлық жылжымайтын мүлік үлесі өте үлкен: кем дегенде 146 миллиард долларды шетелдіктер жылжымайтын мүлік нарығына жалған компаниялар арқылы инвестициялады, бұл Лондондағыдан екі есе көп. Географиялық орны мен байланыстары бұл қаладағы шетелдік инвестицияны анықтайтын негізгі фактор саналады", - делінген құжатта.

Реклама
Реклама

Зерттеу деректеріне сәйкес, Дубайдағы 1 550 қазақстандық құны 1,018 миллиард доллар болатын 2 694 мүлікке иелік етеді. Орта есеппен қазақстандықтар бір жылжымайтын мүлікке 377 989 доллар жұмсаған.

Салыстыру үшін, БАӘ-нің ең ірі қаласында 5 381 ресейлік жалпы сомасы 3,344 миллиард болатын 9 755 жылжымайтын мүлікке иелік етеді.

Қырғызстан азаматтары арасында Дубайда жылжымайтын мүлкі бар 106 адам бар, олардың жалпы құны - 102 миллион доллар, 236 нысан.

Анықтама: 2020 жылы Еуропалық комиссия EU Tax Observatory деп аталатын жаңа еуропалық қоғамдық ұйымды құруға 1,2 миллион еуро бөлген. ЕО салық обсерваториясының мақсаты - әлемдегі салықтан жалтару және ақшаны жылыстату мәселелеріне назар аудару.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram