Елімізде баспана сатып алушылардың қатары азайды

©allday.ru

Қазақстанда баспана сатып алушылардың қатары азайды. Бұл туралы Тенгри FM радиосы Ranking.kz агенттігінің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды. 

Агенттіктің мәліметінше, елімізде жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділік төмендеп отыр. Қараша айында жылжымайтын мүліктің отандық нарығында шамамен 13 мың сату-сатып алу мәмілесі жасалған. Бұл - қазан айындағы көрсеткіштен 1800-ге кем. Белсенділіктің республиканың барлық аймағы бойынша төмендегені байқалып отыр.

Баспана нарығында жасалған мәмілелер 12 пайыздан астамға азайды. Мәселен, Алматыда қараша айында 1,5 мың шамасында келісімшарт жасалды, қазан айындағы көрсеткіш 1800-ден астам болатын. Жылжымайтын мүлік сатып алушылардың қатары тек Павлодар облысы мен Астанада ғана артып отыр.

Реклама
Реклама

Ranking.kz порталындағы кесте

Еске сала кетейік, бұған дейін Тengrinews.kz Қазақстанда бірнеше банктің ипотека беруді тоқтатқанын хабарлаған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама