Еліміздегі ең арзан пәтерлердің қай қалаларда екені белгілі болды

Павлодар еліміздегі е? арзан п?терлері бар ?штікті? ?атарына кірді. "Крыша" басылымыны? м?ліметінше, Павлодарда жылжымайтын м?лікті? орта ба?асы шаршы метр ?шін желто?сан айында 162 275 те?ге бол?ан. Б?л к?рсеткіш былтыр?ыдан ?ара?анда 1 пайыз?а немесе 1 565 те?геге т?мен болып т?р.

Павлодар еліміздегі ең арзан пәтерлері бар үштіктің қатарына кірді. "Крыша" басылымының мәліметінше, Павлодарда жылжымайтын мүліктің орта бағасы шаршы метр үшін желтоқсан айында 162 275 теңге болған. Бұл көрсеткіш былтырғыдан қарағанда 1 пайызға немесе 1 565 теңгеге төмен болып тұр.

Жалпы 5 айда еліміздегі тұрғын үйлердің бағасы 4 пайызға дейін арзандаған. Егер де тамыз айында пәтерлердің орташа бағасы шаршы метр үшін 168,2 мың теңге болса, қыркүйек айында 166 мың теңгеге дейін арзандаған.

Сондай-ақ, қай өңірлерде пәтердің орташа бағасы басқаларына қарағанда арзандау екені белгілі болды. Мысалы, Таразда шаршы метр - 161,1мың теңге болса, Ақтөбеде шаршы метр - 161 мың теңге.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматының орталығындағы ең арзан пәтерлердің бағасы айтылған болатын. Маманның айтуынша, Алматының орталығындағы (Алмалы ауданы мен Бостандық, Медеу аудандарының орталыққа іргелес аумақтары) жаңа үйлер пәтерлерінің ең төменгі бағасы - шаршы метріне 230-250 мың теңге.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама