11 маусым 2019 | 14:26

Елімізде жыл басынан бері 4,6 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр өнеркәсіптік саланың дамуы туралы баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр өнеркәсіптік саланың дамуы туралы баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі қаңтар-мамырда 108,8 пайыз болды. 15 өңірде оң қарқын байқалады. Тұрғын үй құрылысы бойынша 5 айдың қорытындысы бойынша 4,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  100,1 пайыз болды.

Реклама
Реклама

"Республика бойынша жалпы 40 546 тұрғын үй берілді. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы республиканың 15 өңірінде жалғасуда. Жылдық жоспарға қол жеткізу бойынша қабылданған міндеттемелерді орындау үшін облыстардың әкімдіктеріне өздерінің жұмысын жандандыру қажет", - деді Роман Скляр.   


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная