ПОДЕЛИТЬСЯ
05 маусым 2019 | 09:34
Елордада мыңға жуық көпбалалы отбасыға жалдамалы пәтер беріледі
Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтандағы 928 көпбалалы отбасыға жалдамалы пәтердің сертификаты беріледі, - деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтандағы 928 көпбалалы отбасыға жалдамалы пәтердің сертификаты беріледі, - деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Одан бөлек, Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі арқылы 2 пайызбен несие алып, баспана алу жобасы қолға алынып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында айтты.
"Көпбалалы аналарға қатысты кезек күттірмес екі мәселе бар. Ол алдымен - жалдамалы үй мәселесін шешу, екіншіден, арзан бағамен яғни 2 пайызбен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы несие алу. 2 пайызбен төлем бойынша бүгінгі күні келісім жасалды. Тек банктің ішкі құжаттарын реттеу процесі жүріп жатыр. Сондықтан да бұл бағдарламаның жүзеге асуы маусымның 15-нен кейін белгілі болады. Біздің есеп бойынша бұл жоба 17 маусымнан шілде айының басы аралығында іске қосылуы керек. Баспаналы болудың аталған жобасына қатысу үшін көпбалалы отбасы өзінің кіріс көзін растайтын құжатты қамтамасыз етуі қажет. Және пәтерді алуда алғашқы жарна 10 пайыз құрайтын қаражаты болмаған жағдайда қалалық әкімдіктен берілетін 1 миллион соманың сертификатын ала алады. Яғни сол сертификат арқылы алғашқы жарнаны төлей отырып, ол отбасыға үйді заңдастыру құқығы беріледі", - деді Ерлан Каналимов.
Одан бөлек, әкім орынбасары көпбалалы аналарға жалдамалы үйлердің берілу жайына да тоқталып өтті.
"Жалдамалы пәтер бойынша биыл елордалықтарға 928 пәтер бөлінетін болады. Оның 150-і жақын күндері табыс етілетін болады. Құжаттар жағы қалай реттеліп болады, сол күні беріледі. Жалдамалы пәтердің иелеріне арнайы сертификат беріледі. Сол сертификат арқылы көпбалалы отбасылар алдағы шілде айының 15-інен бастап тамыз айының 1-іне дейін үйлеріне кіретін болады. Сол сияқты осы куәліктің негізінде әкімдік арқылы Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен келісімшарт жасалады.
Келісімшарт 5 жылға жасалады, мерзімі біткен уақытта одан әрі ұзарту мүмкіндігі беріледі. Яғни 5 жыл өткен соң үйді босат деген секілді әңгіме болмайды. Тағы бір рет айтып өтетін жайт бұл мүмкіндік тек қана көпбалалы отбасыларға ғана беріледі. Бүгінде елордада 3272 көпбалалы адам бар. Сондықтан да бүгіннен бастап қаладағы Р.Қошқарбаев көшесі, 39 үй мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдау басталды. Менің пайымдауымша, 17 маусымға дейін құжаттандыру процесі аяқталса, одан әрі сертификатты табыс етеміз. Пәтерлер 2-3 бөлмеден тұрады", - деді ол.
Оның айтуынша, жыл соңына қарай қараша айында тағы 100-150 пәтер беріледі, ал қалғаны желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне орай табыс етіледі.
Показать комментарии
Читайте также