13 желтоқсан 2019 | 10:20

Жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтан мен Алматыда пәтерлер мен коттедждерді жалға алу құны қанша?

© unsplash.com

Krisha.kz сарапшылары жаңажылдық мереке күндері пәтерлер мен үйлерді жалға беру құны қанша екенін анықтап көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Krisha.kz сарапшылары жаңажылдық мереке күндері пәтерлер мен үйлерді жалға беру құны қанша екенін анықтап көрді.

Алматыдағы пәтерлер:

Реклама
Реклама

Алматыда Жаңа жыл қарсаңында пәтер иелері бір бөлмелі пәтерді қаланың төменгі жағында тәулігіне 15 мың теңгеден бастап сұраса, қала орталығында тәулігіне 25 мың теңгеден бастап жалға беріледі екен. Ал екі бөлмелі пәтер тәулігіне 25 мыңнан 40 мың теңгеге дейін барады, төрт бөлмелі пәтерлер тәулігіне 40 мыңнан 75 мың теңгеге дейін сұрайды.

Нұр-Сұлтандағы пәтерлер:

 - қала шетіндегі және оң жақ жағалауындағы бір бөлмелі пәтерлер 15 мыңнан, ал қала орталығында және сол жақ жағалаудағы пәтерлер тәулігіне 20 мың теңгеден басталады;

- екі бөлмелі пәтерлер 25-35 мың теңге аралығында;

- үш бөлмелі пәтерлер 40-60 мың теңге аралығында.

Алматыдағы коттедждер мен үйлер

150-200 мың теңге

Мұндай ақшаға Әуезов, Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарынан орташа аумағы 150-300 шаршы метр болатын үш қабатқа дейінгі коттеджді жалдауға болады екен. Алатау ауданынан 500 шаршы метр коттедж жалдауға болады.

Бұл бағаға монша, сауна, бассейн, паркинг кіреді. Кейбір үй иелері бұл сомаға мангал мен қазан не болмаса музыка аппараттарын ұсынады.

Осылайша жалға берушілер мереке күндері барлық жағдайы жасалған пәтерлер мен коттеждерді ұсынады.

500 мың теңгеден жоғары

Бостандық, Медеу, Наурызбай аудандарындағы коттеджде бір тәулікке емес, әдетте 2-3 күнге беріледі екен. Оның құны 1,5 миллион теңгеге дейін барады. Ал аумағы 500 шаршы метрден басталады.

Мұндай коттеджді жалдаған қонақтарға сауна, бассейн, бильярд, караоке, аспаздар мен даяшылардың қызметі ұсынылады. Қосымша ақша төленсе қонақтарды үйіне жеткізе де алады екен.

Нұр-Сұлтан

Сарапшылардың айтуынша, Нұр-Сұлтанда Алматыдан қарағанда үй жалдау арзанырақ. 

100-200 мың теңге

Мұндай бағаға аумағы 300-400 шаршы метр болатын 5-7 бөлмелі пәтер жалдауға болады. Онда монша, банкет залы, билейтін бөлме мен караоке бар. Ол коттедждердің көбі Алматы ауданында орналасқан.

200-300 мың теңге

200-300 мың теңгеге аумағы 300-500 шаршы метр болатын 7-10 бөлмелі пәтер жалдауға болады. Мұндай пәтерлер қаланың оң және сол жақ жағалауларынан, орталығынан да ұсынылады.


© krisha.kz


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная