30 сәуір 2019 | 19:25

Қаратауда 60 отбасы жаңғыртудан өткен пәтердің кілтін алды

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Қаратау қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Қаратау қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаладағы №5 шағын ауданында орын тепкен аталмыш №55 үйге қайта жаңғырту жұмыстарын тараздық мердігер "Темір-Байлық" ЖШС-і жүргізген. Жоба құны 228 миллион 450 мың теңгені құраған. Нысан өткен жылдың 6 маусымда пайдалануға қабылданып, инфрақұрылымдық жұмыстары жүргізілген.

Реклама
Реклама

Мереке қарсаңында пайдалануға берілген бұл арендалық тұрғын үйде екі бөлмелі - 10, үш бөлмелі - 30, төрт бөлмелі - 20 пәтер бар. Аталған тұрғын үйге қоныс аударатын адамдардың тізімі аудандық тұрғын үй комиссиясы тарапынан жасақталған.

Пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үйден пәтер алған 60 отбасының 40-ы әлеуметтік аз қамтылғандар тобына жатады. Оның ішінде көпбалалы 17, толық емес 15, мүгедек бала асыраушы 2 отбасы бар. Сондай-ақ, 1 мүгедек және 5 оралман отбасы пәтер кілтің иеленді. Қалған 20 пәтер мемлекеттік бюджеттік қызметкерлері мен қызметтік пәтер иеленушілерге тиесілі.

Айта кетейік, Талас ауданы бойынша 2018-2019 жылдары барлығы 440 пәтерді құрайтын 6 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жоспарланса, бүгінде оның 4-і (барлығы 290 пәтер) пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы тағы да 2 тұрғын үй (барлығы 150 пәтер) пайдалануға берілмек. Бұл өз кезегінде аудан бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 143 әлеуметтік аз қамтылған отбасыны баспанамен қамтуға бағытталмақ.

Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін кезекте 23 762 адам тұр. 2018 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысандарына 12,7 миллиард теңге бөлінген. Осы қаржылар есебінен 32 көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп, 38 инженерлік инфрақұрылым жобалары іске асырылуда. Былтыр 1 673 пәтер пайдалануға беріліп, 4 654 жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды. Жалпы, жыл қорытындысымен 482,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 21 пайызға артық.

Ал, 2019 жылға Бағдарлама аясында 23,5 миллиард теңге қаралған. Осы қаржы есебінен 28 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. 2019 жылы 27 үй тапсырылуы тиіс, 1 арендалық үй 2020 жылға өтпелі. Ағымдағы жылы бюджет есебінен 1 970 адамды пәтермен қамту көзделіп отыр. Оның ішінде, кредиттік 21 үйден 1 460 пәтер (109 683 шм), арендалық 6 үйден 510 пәтер (36 192 шм).

Елбасы ағымдағы жылдың 27 ақпанында өткен "Нұр Отан" партиясының ХVІІІ съезінде "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасыларына арналған арендалық тұрғын үй құрылысына 50,0 миллиард теңге бөлу мәселесін тапсырған болатын. Осыған байланысты, әкімдік тарапынан құны 5,6 млрд. теңгені құрайтын 710 пәтерлі 11 арендалық үйдің құрылысына республикалық бюджетті нақтылауда қаржы бөлу үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, өтінім тапсырылды. Алдын ала есептерге сәйкес, осы жобаларға ағымдағы жылы қосымша 3,1 млрд. теңге бөлінгелі отыр. Облыс бойынша арендалық тұрғын үй кезегінде тұрған 23 762 адамның ішінде халықтың әлеуметтiк осал тобына жататын азаматтардың саны - 13 436. Облыс әкімінің бастамасымен, осы отбасыларды тұрғын үй кезегі жеткенге дейін жатақханамен қамту жұмыстары қолға алынуда. Ағымдағы жылы осындай 6 жатақхананада 400-ге жуық аз қамтылған және көп балалы отбасын қоныстандыру жоспарланып отыр. Олардың 3-уі Тараз қаласынан, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында 1 жатақханадан. Келесі жылы Тараз қаласында 4 жатақхананың құрылысын жүргізу жоспарланған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная