ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2022 | 11:03
Қаржы министрлігі байлыққа салық енгізу жоспарын мәлімдеді
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі ұсыныстың егжей-тегжейін ашып, байлық салығын енгізу жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі ұсыныстың егжей-тегжейін ашып, байлық салығын енгізу жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы министрлігі байлыққа салық салу мәселесі ҚР Ұлттық экономика министрлігі сайтында пысықталатынын түсіндірді.
"Негізінен, құны жоғары люкс модельді автокөлік құралдарына, мысалы, Aston Martin, Bentley, Ferrari, Lamborghini, Maserati (белгіленген тізбе бойынша), оның құнына (белгіленген шектен жоғары) және шығарылған жылына қарай көлік құралдары салығының мөлшерлемелеріне коэффициенттер енгізу жолымен және тіркеу алымының мөлшерлемесін арттыру арқылы жоғары салық салу мәселесін қарау ұсынылады. Бұл ретте мұндай автокөліктер бойынша барлық жеңілдік алып тасталуы тиіс", - деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ, қымбат заттар ретінде республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында, курорттық аймақтарда орналасқан ұшақтардың жекелеген сыныптарын, яхталарды және жылжымайтын мүлікті қосу жоспарланған.
Сонымен қатар, аумаққа байланысты, мысалы, ауданы 300 шаршы метрден асатын пәтерлер, тұрғын үйлер, 400 шаршы метрден асатын саяжайларға байланысты мүлік салығын арттыру коэффициенттерін енгізу жоспарланады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также