ПОДЕЛИТЬСЯ
22 желтоқсан 2021 | 09:21
Қазақстанда 2022 жылы тұрғын үй бағасы қандай болады?
Биыл Алматыда тұрғын үй бағасы орта есеппен 30-40 пайызға өсті. Сарапшылар пікірінше, бұл үрдіс болашақта да жалғасады. Бұл ретте 2022 жылдың ортасына қарай тұрғын үй нарығындағы сұраныс айтарлықтай төмендейді деп болжанған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Биыл Алматыда тұрғын үй бағасы орта есеппен 30-40 пайызға өсті. Сарапшылар пікірінше, бұл үрдіс болашақта да жалғасады. Бұл ретте 2022 жылдың ортасына қарай тұрғын үй нарығындағы сұраныс айтарлықтай төмендейді деп болжанған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Баға динамикасы тұрғын үй алаңдарының тапшылығы, құрылыс жұмыстарының құны, сондай-ақ халықтың зейнетақы жинағын пайдалану мүмкіндігіне байланысты.
Ашық дереккөздер мәліметі бойынша, Қазақстандағы тұрғын үй қорының 40 пайызы үш қалада: Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтанда шоғырланған.
Жалпы, республикада тұрғын үй тапшылығы байқалады. Тіпті пандемия ипотекалық несие беру динамикасына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Телеарна мәліметінше, қазір бұл сала дағдарысқа дейінгі деңгейге жетіп қана қоймай, өсім жалғасып жатыр.
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігі де нарықтың жандануына ықпал етті. Бірақ бұл ретте барлық қазақстандық жеке тұрғын үй сатып ала алмайтыны анық.
Ресми ақпарат бойынша, 2021 жылы берілген ипотекалық қарыздардың жалпы сомасы 900 миллиард теңгеге жеткен. Мемлекет "7-20-25" және "Баспана хит" ипотекалық бағдарламаларын қаржыландырады. Отбасы банк ұсыныстары және халықтың түрлі тобы үшін әлеуметтік бағдарламалар нарықты ынталандырады. Зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алу үшін 300 мыңға жуық қазақстандық пайдаланған. Бірақ сарапшылар пікірінше, бұл мүмкіндік шексіз емес.
"Ол жерден адамдар Отбасы банктегі депозиттік шоттарына ақшаны аудару мүмкіндігіне ие болып отыр. Ол 1, 2 миллион болуы мүмкін. Ол аударған күннің өзінде 3 жыл уақыт беріледі. 3 жылдың ішінде асықпай өзіне тиісті қаражатты жинап сосын ғана нарыққа шығады. Демек, былтырғыдай сұранысты туғызбайды деген сөз", - дейді экономист Мақсат Халық.
Сарапшылар пікірінше, нәтижесінде 2022 жылдың ортасына қарай тұрғын үй нарығында динамика біршама төмендеуі мүмкін.
"Менің ойымша, нарықта сұраныс азайса, баға тұрақталуы мүмкін. Келесі жылы бағаның өсімі биылғыдай болмайды. Ал сатып алушылардың саны екі есе төмендейді. Екінші деңгейлі банктер де өздерінің ипотекалық бағдарламаларын қайта қарастыратыны сөзсіз", - дейді риэлтор Лариса Алексеенко.
Сарапшылардың айтуынша, жақын болашақта Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсу үрдісі сақталады. Нарық құрылыс секторына ірі инвестициялар тартылған жағдайда ғана тұрақталуы мүмкін. Бұл процесс, өздеріңіз білетіндей, бір жылдан аса уақытты алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также