11 наурыз 2022 | 08:42

Қазақстанда баспана рекордтық деңгейде қымбаттап кетті

© elements.envato.com

Қазақстанда қайталама тұрғын үй рекордтық деңгейде қымбаттап кетті. Бұған Ұлттық статистика бюросының мәліметтері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда қайталама тұрғын үй рекордтық деңгейде қымбаттап кетті. Бұған Ұлттық статистика бюросының мәліметтері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Бюро мәліметтеріне сенсек, шаршы метрдің құны бірден 5,5 пайызға өскен, бұл кейінгі сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды. Сонымен қатар, жаңа ғимараттарда өсім шамалы - 0,4 пайыз.

Бәрінен бұрын Нұр-Сұлтандағы қайталама жылжымайтын мүлік бағасы 10 пайызға жуық өскен. Мұнда орташа шаршы метрі 590 мың теңге тұрады. Баға динамикасы бойынша Атырау мен Талдықорған да антилидер болып отыр. Алматыда пәтерлер шамамен, үш пайызға қымбаттаған.

Реклама
Реклама

Бірінші несие бюросының сарапшылары бұл 20 ақпандағы деректер деп хабарлайды. Украинадағы оқиғалар мен доллар бағамының өсуі деректерде әлі көрініс тапқан жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная