29 наурыз 2022 | 14:05

Қазақстанда пәтерді тиімді жалдау жолдары қандай? Риелтор түсіндірді

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
©Tengrinews.kz фотоколлажы

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда тұрғын үй құны 5,5 пайызға өсті, сәйкесінше жалға берілетін пәтерлер бағасы да қымбаттады. Бүгінде пәтерді қалай тиімді әрі арзан бағаға жалдауға болады? Tengrinews.kz тілшісіне елордалық риелтор Жанар Әкімова жауап берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда тұрғын үй құны 5,5 пайызға өсті, сәйкесінше жалға берілетін пәтерлер бағасы да қымбаттады. Бүгінде пәтерді қалай тиімді әрі арзан бағаға жалдауға болады? Tengrinews.kz тілшісіне елордалық риелтор Жанар Әкімова жауап берді.

Маманның айтуынша, қаңтар мен сәуір аралығында жалдамалы баспана бағасы арзандайды. 

"Пәтерді жалға алу бағасы жыл бойы тұрақты бағаны сақтап тұра алмайды. Мамыр мен қазан айларының аралығында Қазақстанның барлық аумағында жалдамалы пәтерге сұраныс өте жоғары болады. Демек, бұл кезеңде клиент пәтерді өз бағасынан қымбатқа алуы мүмкін, тіпті, кейде бос үйлер табылмай да қалады. Мұның көптеген себебі бар. Бұл айларда көші-қон үшін ауа райы басты себепке айналады. Одан бөлек, республикалық маңызы бар аймақтарда студенттердің көп шоғырлануын да ескеру керек. Пәтерді жалға алу үшін ең тиімді кезең - қаңтар-сәуір айлары. Бұл кезде түрғын үй саудасы күрт төмендеп, сұраныс азаяды", - дейді ол. 

Реклама
Реклама

Әкімова пәтер жалдамас бұрын ескерілуі қажет факторларға тоқталды. 

"Ең алдымен, пәтер жалдау үшін өзіңізге қажет критерийлерді толық зерттеңіз. Мәселен, жұмыс пен балабақшаның арасы тұрғылықты мекенжайыңыздан қаншалық алыс екенін есептеген жөн. Одан бөлек, жалдамалы пәтердің инфрақұрылымы да шешуші роль атқарады. Екіншіден, кез келген адам өзінің қаржылық мүмкіндігін дұрыс бағалауы керек. Бірі қаланың қақ ортасынан пәтер жалдаса, екіншісі орталықтан шалғайда орналасқан ауданнан үй іздеп, 50-70 мың теңгеге шығын көлемін азайтады. Дегенмен, бұл жерде ескерілетін жайт бар. Кейбір адамдар осы сомма үшін, тіпті, бұдан да аз қаражатты үнемдеймін деген оймен қателесіп жатады. Неге десеңіз, күнделікті жолға кететін ақша сіз үнемдеген сомадан асып кетуі ғажап емес. Оған кептелісте тұрған уақытты қоссаңыз, ұтылатыныңыз анық", - деді риелтор.

Оның сөзінше, пәтерді жалға беруші мен жалға алушы арасындағы келісімшарттың маңызы зор.

"Көп жағдайда пәтер жалдаушылар екіжақты келісімшарттың маңызына мән бермейді. Бұл - жалға беруші мен жалға алушы арасында болуы міндетті құжат. Дәл осы құжатты сауатты рәсімдеу арқылы көптеген қиындықтың алдын алуға болады. Мысалы, елдегі экономикалық ахуалға байланысты пәтер бағасы жиі өзгеріп отырады. Осы кезде келісімшартқа отырмаған пәтерді жалға алушылар баға өсімімен бетпе-бет келуі мүмкін. Одан бөлек, үй иесі кез келген уақытта коммуналдық қызметтің құнын сіздің мойныңызға артып қоюы ғажап емес. Егер келіспесеңіз, жалға беруші сізді үйден шығарып тынады. Себебі ол нарық бағасын аңдып отыр. Екіншіден, келісімшартта пәтерді жалға алу мерзімі көрсетіледі. Демек, жалға алушы белгілі бір уақытқа дейін кезекті жаңа пәтер іздеумен уақытын құртпайтын болады. Үшіншіден, келісімшартта үй жиһазы мен техникасының тізбесі көрсетіледі. Бұл мүлікке зиян келтіру жолын кесу үшін қажет шарт" - дейді хоумстейджер. 

Тұрғын үй маманы риелторлардың қызметі туралы айтып, олардың таңдау кезінде неге назар аудару керек екенін түсіндірді.

"Риелторлардың көмегін тиімді пайдалану үшін белгілі заңдылықтарды түсінген дұрыс. Риелторлар тұрғын үй нарығындағы тенденциялардың барлығын жақсы біледі және олар жалға алушы психологиясын зерттеумен айналысады. Сондықтан риелтормен ашық әңгіме жүргізген, ең алдымен, өзіңізге тиімді болып тұр. Мысалы, қаржылық жағдайыңыз бен мақсатыңызды айқын жеткізу керек. Одан кейін риелтор қызметінің бағасын келісіп алған жөн. Айта кетейін, риелтордың жұмысын бағалайтын сіз ғана, сол себепті пайыздық мөлшерлемені бірден келісіп алуға мүмкіндік бар. Ең маңыздысы, Желіде қаптаған алаяқтардың құрсауына түсіп қалуға болмайды. Риелтор таңдауда оның бұған дейін атқарған жұмыстары мен құжатын талап етуге толық құқыңыз бар", - дейді Жанар.

Сонымен қатар, Жанар Әкімова риелторсыз, яғни өздігінен жалдамалы баспана іздеу жолына тоқталды. 

"Риелтордың көмегінен бас тартып, өз бетіңмен пәтер іздеуге де болады. Егер пәтер іздеумен айналысуға уақытыңыз жеткілікті болса, бұл процесс қиынға соқпайды. Бүгінде белгілі платформалардың көмегімен Қазақстанның түкпір-түкпірінен өзіңізге қажетті үйді қарастыруға болады. Мысалы, Krisha.kz қосымшасында өзіңізге қажетті критерийлерді таңдап, сұрыптау жасауға болады. Сол кезде біршама уақыт үнемдеуге болады. Таңертең және кешке міндетті түрде сол сайтқа кіріп, бір шолып шығу керек, себебі осы уақыттарда жиі хабарландыру шығады", - деді ол. 

Суреттер elements.envato.com сайтынан

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная