12 мамыр 2022 17:29

Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату бойынша мәміле саны күрт азайды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша мәміле саны күрт азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша мәміле саны күрт азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 52 520 мәміле тіркелді, наурызбен (67 801) салыстырғанда көрсеткіш 22,5 пайызға азайды", - делінген хабаламада.

Сатып алу бойынша ең көп мәміле Қарағанды облысында - 8 898, одан кейін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, 6 583 және 5 900 шарт. Наурызда да дәл осы үш аймақ тұрғын үй нарығы саудасында көш бастаған болатын. Мәміле саны ең аз болған өңір - Солтүстік Қазақстан облысы - 958.

Реклама
Реклама

Бюро мәліметінше, қазақстандықтардың көбін көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырады, барлығы - 38 149 мәміле.

"Көппәтерлі үйлердегі 2-бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Сәуірде 15 мыңнан астам 2-бөлмелі пәтер рәсімделді, ал 1-бөлмелісі одан сәл аз - 13 мың. Жекеменшік үйлер бойынша 14 371 мәміле рәсімделді. Жер үйлерді Алматы, Кызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарды құп көрген", - делінген хабарламада.

Бұл ретте 2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 12 пайызға азайған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram