21 қараша 2016 | 16:49

Коммуналдық қызметтерге ең аз шығынданатын өңірлер белгілі болды

Астаналықтар мен павлодарлықтар республика бойынша коммуналдық қызметтерге ең аз шығынданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz халықаралық онлайн-сервисінің сарапшылары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері негізінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің шығыны көлемі бойынша өңірлер рейтингін жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астаналықтар мен павлодарлықтар республика бойынша коммуналдық қызметтерге ең аз шығынданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz халықаралық онлайн-сервисінің сарапшылары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері негізінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің шығыны көлемі бойынша өңірлер рейтингін жасады.

Рейтинг жан басына шаққандағы ай сайынғы орташа тұтынушылық шығындар мен ауданы 33 шаршы метр болатын бір бөлмелі стандарт пәтерде бір адамның негізгі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне жұмсайтын сомасы бойынша құрастырылды. Атап айтқанда, сарапшылар тұрғын үйді күту шығынын, жылу, газ және сумен қамту, электр энергиясы, қоқыс шығару, кәріз тарифтерін есепке алды.

Реклама
Реклама

Homsters.kz сарапшыларының есебіне қарағанда, тұтынушылық шығындар құрылымында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне республика бойынша Қостанай мен Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары ең көп шығынданады екен (кестені қараңыз). Бұл өңірлерде коммуналдық төлемдерге ай сайынғы шығындардың 12 пайызы жұмсалады. Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан облысының тұрғындары коммуналдық мекемелерге жалпы шығындарының шамамен 10 пайыздайын береді.

Коммуналдық қызметтерге еліміздің ең ірі қаласы - Алматының тұрғындары ай сайынғы тұрмыстық шығындарының 7 пайызын жұмсайды. Ал ең арзан коммуналдық қызметтер Астанада және Павлодар облысында болып шықты - бұл өңірлерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық төлемдеріне тұрғындардың ай сайынғы тұтынушылық бюджетінің 5 пайыздан аспайтын мөлшері ғана бөлінеді.

"Қазақстандықтар үшін тұрғын үйді күту шығындары, өзге елдермен, айталық, Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерімен салыстырғанда, пәтер таңдауда негізгі фактор емес. Аталған елдерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері құны бізге қарағанда, айтарлықтай жоғары және отбасы бюджетіне едәуір әсер етеді. Баспананы күту мен коммуналдық қызметтер құны біраз өсетін болса, қазақстандықтар да пәтер сатып алу жөнінде шешім қабылдағанда осы факторды ескерер еді, бұл жағдай жылжымайтын мүлік нарығына, баспанаға деген инвестициялық сұранысқа және екінші кезектегі нарық пен жаңа үйлердегі шаршы метр құнына ықпал ете алады», - дейді тұрғын үй сатып алушыларға арналған Homsters.kz онлайн-сервисінің жетекшісі Олеся Мельникова.

Тұтыну шығындары құрылымындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері шығынының үлесі


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная