07 қараша 2019 | 12:51

Құрылыстағы үлескерлік туралы не білу керек?

Жастар жылын іске асыру аясында Елбасының тапсырмасы бойынша "Нұрлы жер" бағдарламасына Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру тетіктері енгізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жастар жылын іске асыру аясында Елбасының тапсырмасы бойынша "Нұрлы жер" бағдарламасына Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру тетіктері енгізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке құрылыс салушылар үшін тұрғын үй салудағы негізгі мәселе - қолжетімді қаржыландыру. Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылысындағы негізгі проблемалардың бірі - құрылыс салушылар үшін қорландырудың "қымбат болуы" және коммерциялық банктер тарапынан кепілдік базаны қамтамасыз ету бойынша талаптардың қойылуы

Реклама
Реклама

Егер 2009 жылы банктер қоржынында құрылыс үлесі 20 пайыздан асса, бүгінде бұл көрсеткіш 3 есе азайған және 7 пайыздан аспайды. 

"Бәйтерек" холдингінің қаржы операторы ретінде нарық ресурстарын тартуға, ағымдағы қаржы ағымын микширлеуге, жеке құрылыс салушылар үшін қорландырудың қандай да бір "делдалдарсыз" арзандатуға мүмкіндіктері бар. 

Несие ресурстарын субсидиялау және кепілдендіру тетіктері арқылы құрылыс компанияларына қолдау көрсету мүмкіндігі бар.  

Мысалы, құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялау арқылы "Даму" қор жалпы сомасы 91,6 млрд теңгеге 87 жобаға қолдау көрсетті. Бұл құрылыс компаниялары үшін нарықтық насиелерді 50 пайызға арзандатуға мүмкіндік берді. 

Тұрғын үй қорын кепілдендіру қоры арқылы үлескерлік тұрғын үй құрылысын кепілдендірудің қосымша жаңа тетігі адал жеке құрылыс салушыларға тұрғындардың қаражатын 0 пайызбен тартуға мүмкіндік береді. 

Коммерциялық нарықта өзінің немесе займ қаражаты арқылы тұрғын үй алғысы келетін азаматтар үшін үлескерлік құрылысты аяқтауға кепілдіктер беріледі. Ең алдымен ол азаматтардың қаражатының сақталуына және жосықсыз құрылыс салушылардан қорғауға бағытталған. Ол үшін 2016 жылы тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы жаңа Заң қабылданды. 

Заң бойынша тұрғындардан үлескерлік құрылысқа қаражат тарту тек әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда немесе біздің еншілес ұйымымыз ‒ Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры тарапынан кепіл болғанда ғана рұқсат етіледі. 

Егер құрылыс компаниясы Қордан кепілдік алған болса, бұл ақпарат www.hgf.kz сайтында жарияланады. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 137,9 млрд теңгеге жобалар мақұлданды. Бұл тұрғындардың коммерциялық нарықта 9,8 мыңнан астам пәтерді сатып алуға салымдарын қорғауға мүмкіндік берді. 

Егер мұндай кепілдік болмаса, онда құрылыс салушының үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктен алған рұқсаты болуы керек, мұндай ақпаратты тиісті әкімдіктен нақтылауға болады. Мұны міндетті түрде білу керек, себебі, ақпарат нақты болмаған жағдайда бар жауапкершілік пен тәуекел үлескерге жүктеледі. 

Айта кетейік, заң бойынша үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктен құрылыс салушы тек екі жағдайда рұқсат ала алады: егер ол өз есебінен ғимарат қаңқасын тұрғысған болса, ал бұл жобаның жалпы құнының 40-60 пайызы, немесе банктен қаржыландыру алған болса. 

Егер құрылыс салушы қор кепілдігін көрсетпесе, ал әкімдік бұл нысан бойынша тиісті рұқсат берілмеген десе, ақшаңызды салып ешқандай тәуекелге бармауңа кеңес береміз. Мұндайда құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная