Қыркүйекте Қазақстанның бірнеше қаласында баспана бағасы өскен

Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қыркүйекте қайталама нарықтағы пәтердің орташа құны Қазақстанның 10 қаласында өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қыркүйекте қайталама нарықтағы пәтердің орташа құны Қазақстанның 10 қаласында өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, ең көбі Алматыда өскен: +1,9 пайыз. Алматыда пәтердің шары метрі орта есеппен 671,3 мың теңгеге сатылған. 

Семейде (353,8 мың) және Астанада (481,6 мың) баға 1,3 және 1,2 пайызға өскен. 

Реклама
Реклама

Жеті қалада динамика 1 пайыздан аз: 

Ақтөбеде: +0.9 пайыз, шаршы метр - 277,1 мың теңгеден;
Оралда: +0.8 пайыз, 306,5 мың;
Шымкентте: +0.4 пайыз, 421,5 мың;
Таразда: +0.2 пайыз, 296,3 мың;
Павлодарда: +0.2 пайыз, 362,5 мың;
Көкшетауда: +0.1 пайыз, 322,3 мың;
Ақтауда: +0.1 пайыз, 294,4 мың.

Тек үш қалада баға өзгермеген: Өскемен, Талдықорған және Қарағанды тамыздағы деңгеймен қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама