30 қараша 2017 | 10:35

Қызылордада апат жағдайындағы үйлерді бұзу қолға алынды

Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы "апатты" деп танылған тұрғындарды баспанамен қамту бағытында үлкен жетістікке қол жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы "апатты" деп танылған тұрғындарды баспанамен қамту бағытында үлкен жетістікке қол жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соңғы 5 жыл көлемінде бұл санаттағы 500-ден аса отбасыға мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйлер берілген. 

Реклама
Реклама

Айта кету керек, 2013 жылдың басынан есептегенде Қызылордада 512 отбасы жалғыз баспанасы апатты жағдайдағы азаматтар ретінде тұрғын үй кезегіне тіркелген.

Мәселені шешу мақсатында жергілікті билік тарапынан ауқымды жұмыстар жасалып, нәтижесінде 2013 жылы 24 пәтерлі 1 үй, 2015 - 2016 жылдар аралығында 60 пәтерлі 3 тұрғын үй пайдалануға беріліп, осы кезеңге дейін 204 отбасы баспаналы болса, үстіміздегі жылы қаладағы Жаппасбай батыр көшесінен және Титов қыстағынан 50 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйлерді апатты үй тізімінде кезекте тұрған қала тұрғындарына пайдалануға берілген.

Осылайша апат жағдайындағы баспана тұрғындары ретінде кезекте тұрған соңғы 305 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.

Елбасы тапсырмасына сәйкес ауқымды істерді атқарған жергілікті биліктің  қарымды жұмыстары нәтижесінде қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша жалғыз баспанасы "апатты" деп танылған тұрғын үй кезегіндегі тұрғындар 100 пайыз жаңа пәтерлермен қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күні бұған дейін тұрғындар пана етіп келген апатты үйлерді бұзылу қолға алынып, олар жойылуда.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында да мемлекеттік бағдарламалар аясында қызылордалықтарды жаңа баспанамен қамту жоспарланған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная