19 қазан 2019 | 11:28

Маңғыстау облысында 120 пәтер кілті табысталды

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында жаңадан салынған 4 қабатты 5 тұрғын үй пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында жаңадан салынған 4 қабатты 5 тұрғын үй пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында бой көтерген 120 пәтерлік тұрғын үй кезектегі көпбалалы отбасыларға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын осал топтарына  жататын азаматтарға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға табысталды. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов салтанатты шараға арнайы қатысып, тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтады.

Реклама
Реклама

"Әрбір адам үшін баспананың маңызы зор. Қарақия ауданында жаңадан салынған тұрғын үйдің орналасқан жері бұрын ашық дала болатын, ал қазір жаңа тұрғын үйлер бой көтерген шағын қалашыққа айналды. Алдағы уақытта Жетібай ауылында тозығы жеткен үйлердің орнына жаңа үйлер салынатын болады. Осы орайда, сапалы және мерзімінде атқарған жұмыстары үшін мердігер компания мен құрылысшыларға алғысымды білдіргім келеді", - деп атап өтті облыс әкімі Серікбай Трұмов.

Жоба бойынша әрбір үй 24 пәтерден тұрады. Екі бөлмелі үйдің ауданы 53, 54 және 55 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй құрылысына республикалық бюджет есебінен 861 млн.теңге жұмсалған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная