ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 шілде 2016 13:21
Назарбаев 1,5 миллион отбасыны баспанамен қамтуды тапсырды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев баспанамен қамту мәселесін тағы да көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасыны баспанамен қамту маңызды міндетіміз болуы керек", - деді Назарбаев.
Президент 1,5 миллион отбасыны баспанамен қамтуды тапсырды. Елбасы қаржыландырудың "Тұрғынүйқұрылысжинақбанк" пен "ҚИК" арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін мәлімдеді.
"Жалға берілетін баспананы сатып алу мүмкіндігі жоқ етіп жасау керек, себебі жұмыс тобының мобилділігі болуы керек. Басқа қалаға көшіп бара алатындай болуы керек. Екінші банктермен жұмыс істейік", - деді Президент.
Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша индустриализация бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша жиынға қатысып жатыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу