ПОДЕЛИТЬСЯ
27 маусым 2019 | 12:23
Несие бойынша қарыздарды өтеу үшін ақшаны қайдан алады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов қиын жағдайға тап болған отбасылардың несиелерін өтеуге жұмсалатын ақшаны қайдан алатындарын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кепілсіз тұтынушылық несиелерді, пайыздарды және біз осыған дейін атап өткен белгілі бір санаттағы тұлғалардың қарызын өтеу үшін мемлекет тарапынан шамамен 105 миллиард теңге қажет. Оның 88,5 миллиардын республикалық бюджеттен аламыз. Ал 17 миллиард теңгеге жуық ақшаны біз Проблемалық кредиттер қорындағы арнайы облигациялардан аламыз.
Сондай-ақ, несие бойынша өсімпұлдар мен айыыпұлдардың 70 пайызын қаржы мекемелерінің өз шотынан өтелетінін есте сақтау қажет", -деді министр Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр өмірлік жағдайға қалған отбасылардың кредитін кешіруді тапсырған болатын. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланған еді. Бұдан бөлек, қазақстандықтардың несие бойынша өсімпұлы кешірілетіні жайлы хабарланған болатын.
Показать комментарии
Читайте также