29 тамыз 2019 | 10:56

Нұр-Сұлтан құрылысшылары Арыста 200-ден аса нысанды толық қалпына келтірді

© astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Арыстағы 1467 тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған санның 642-сі жеке үйлер болса, қалған нысандар көп пәтерлі тұрғын үй қаьарында. Бұл тұрғын үйлерде 750 ден астам пәтер бар.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Арыстағы 1467 тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған санның 642-сі жеке үйлер болса, қалған нысандар көп пәтерлі тұрғын үй қаьарында. Бұл тұрғын үйлерде 750 ден астам пәтер бар.

Бүгінде 536 жөндеуді қажет ететін нысанның 215 нысаны толық күрделі жөндеуден өткізіліп, қалпына келтірілді. Қалған нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары 90 пайызға аяқталды. Аталған жұмыстарға 34 құрылыс фирмасы, 1400 маман жұмылдырылған.

Реклама
Реклама

"Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне жүктелген 699 нысанның 500 ден астамына жөндеу жұмыстарын жүргізсе, қалған тағы 163 үйді құрылысшылар нөлден бастап тұрғызуда. Бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде", - деді қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Алғашқы күннен бастап арнайы құрылған штабқа өтініш пен өз мәселесін айтып келетін тұрғындар көп. Мамандар барлығымен жеке тілдесіп, мәселенің түйінін шешуге тырысады.

"Біз санға емес, сапаға жұмыс жасап жатырмыз. Әр бір үй мен нысанның құрылыс жұмыстары тыңғылықты жасалып, құрылысшылар өз жұмысын аса жауапкершілікпен атқаруда", - деді жарыс болған аймақтан "Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ-нің жетекшісі Төлеген Құлышев.

Оның айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде. Құрылысшылар алдымен үйдің шатырын, терезесі мен есігін ауыстырып, сонан соң үйдің ішкі құрылыс жұмыстарына өтеді. Бұл тұрғындарға өз үйіне жылдам көшуіне мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары толығымен қазан айына дейін бітеді деп жоспарлануда.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная