16 қыркүйек 2020 | 08:25

Нұр-Сұлтанда үй сертификатын алатындардың санаты кеңейтіледі

Елордада тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейтіледі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордада тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейтіледі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұрын тізімде: толық емес; көпбалалы; мүгедек бала бағып отырған отбасылар болса, қазір тізімге халықтың әлеуметтік аз қамтылған санаттарының бәрін қосамыз. Оның ішінде жетім балалар да қамтылады. Азаматтарды қабылдау кезінде жиі көтерілетін мәселенің бірі – баспана. Пәтер алу жолдарын қарастыруды өтінген асыраушысы жоқ балалармен бірнеше рет кездестім", - деп жазды әкім.

Реклама
Реклама

Ол Санатты кеңейту құжатының жоспарын мәслихаттың алдағы сессиясына қарауға берілетінін атап өтті.

"Құқықтық-нормативтік процедуралар аяқталған соң, сертфикат алушылар санатының жаңа тізімін бекітеміз. Тұрғын үй сертфикатының мөлшері – 1 миллион теңге. Оларды "Шаңырақ" (5-10-20) жобасына қолдануға да болады", - деді ол.

Осылайша, ертеректе бекітілген тізімге енді: жетім балалар; I және II топ мүгедектері; зейнеткерлер; ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілгендер; мемлекеттік, қоғамдық немесе әскери тапсырма орындау кезінде қаза болғандардың отбасылары қосылады. Сонымен бірге экологиялық апат кезінде, табиғи немесе техногендік ТЖ кезінде  баспанасынан айырылғандар; бөтен елдердің аумағында ұрысқа қатысқандар; "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегері немесе ертеде "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналар; I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандар; көпбалалы отбасылар және тағы басқалар кіреді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл қолжетімді баспана құрылысын үш есеге ұлғайттық. Бұған қоса, Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірлесіп, әлеуметтік пәтер алатындардың санатын да кеңейттік. Биыл 1 мың пәтерді дәрігерлер мен мұғалімдерден басқа - әлеуметтік қызметкерлер, полиция, мәдениет және спорт қайраткерлері де ала алады", - деп жазды Көлгінов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная