Пәтер жөндеуіне зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға бола ма?

Фото: elements.envato.com

"Отбасы‌ ‌банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқармасы төрайымы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтан зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пәтер жөндеу үшін ала алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отбасы‌ ‌банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқармасы төрайымы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтан зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пәтер жөндеу үшін ала алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ибрагимова ОКҚ брифингінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып, көптеген қазақстандық зейнетақы жинақтарын пәтерді жөндеу мақсатында алу мәселесі қызықтыратынын айтты.

"Қоғамда сұрақ өте көп, баспананы жөндеу үшін рұқсат етілгенін білемін (БЖЗҚ қаражатын алу - еск.). Бірақ мемлекетіміз зейнетақы жинағын 22 жыл бойында сақталуын қамтамасыз етті", - деп атап өтті банк басқарма басшысы.

Реклама
Реклама

Ибрагимова жөндеу жұмыстары "пәтер сатып алуға байланысты" жағдайда рұқсат етілетінін айтты.

"Банк заемы келісімшартында қарастырылса, мысалы жаңа баспана нарығынан жөндеуі жоқ үй сатып алу жағдайында болса мүмкіндік беріледі. Не заемды қайта қаржыландыру кезінде, не заемды жабу кезінде - бұл мақсат бастапқыда-ақ қарастырылған", - деді спикер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама