Қазақстанда 2,5 миллион адам баспанаға мұқтаж

© Тұрар Қазанғапов

?аза?станда 2,5 миллион адам (халы?ты? 14 пайызы) баспана?а м??таж, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Қазақстанда 2,5 миллион адам (халықтың 14 пайызы) баспанаға мұқтаж, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, елімізде ЕЭК (Еуропалық экономикалық комиссия) стандарты бойынша тұрғын үйлер салу үшін Қазақстандағы тұрғын үй қоры алдағы 14 жылда екі есеге өсу керек. Алайда соңғы үш жылда бұл көрсеткіш орта есеппен 0,7 пайызға ғана көтерілген екен.

"Соңғы үш жылда еліміздегі құрылыс белсенділігі 40 пайызға өсіп, 2016 жылдың соңындағы мәліметтерге қарағанда, бір адамға 0,59 шаршы метрден келген. 2017 жылдың қаңтар-шілде айлары арасында 6,2 миллион шаршы метр пайдалануға берілді. Осы көрсеткішті сақтап қалу үшін жыл соңына дейін кем дегенде 6 миллион шаршы метр пайдалануға берілу керек", - дейді сарапшылары.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 2018 жылдан бастап ауылдарда орналасқан жеке тұрғын-үй құрылысына назар аударылады. "Қазіргі уақытта бюджеттік инвестициялар 73 миллиард теңгеге жетсе, шетелдік инвестициялардң көлемі 72 пайызға өсіп, 20,8 миллиард теңгеге жетті", - дейді сарапшылар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама