Қазақстанда қай қалада пәтерлер арзандады?

© krisha.kz

?аза?станда жа?а п?терлер арзандап келеді. Бір жылды? ішінде еліміздегі 13 ??ірде жылжымайтын м?лік ба?асы 13 пайыз?а дейін т?мендеген, - деп хабарлайды "Крыша" басылымы.

Қазақстанда жаңа пәтерлер арзандап келеді. Бір жылдың ішінде еліміздегі 13 өңірде жылжымайтын мүлік бағасы 13 пайызға дейін төмендеген, - деп хабарлайды "Крыша" басылымы.

Басылымның мәліметінше, ҚР қалаларында бірінші жарты жылдықта пәтер бағасы орта есеппен 5 пайызға төмендеген. Бірақ 6 өңірде пәтер бағасында елеулі өзгерістер болмаған. Дегенмен, мамандардың айтуынша, осымен екінші жыл пәтер бағасында тұрақсыздық байқалып отыр. 

"Петропавлда пәтердің шаршы метрінің бағасы 170 теңгеге ғана көтерілген. Ал Қарағандыда, керісінше, пәтер бағасы шаршы метріне 3-5 пайызға, Өскеменде 3,4 пайызға, Таразда 4,2 пайызға, Семейде 4,5 пайызға дейін төмендеген", - дейді мамандар.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, маусым айында ең арзан пәтерді Ақтөбеден сатып алу мүмкін болды. Онда пәтердің шаршы метрі 152 мың теңге екен. Осыған ұқсас баға Семей мен Таразда тіркелген - шаршы метріне 154 мың теңге. Ал Павлодар мен Өскемен ең арзан пәтерлердің рейтингінде тоғызыншы және оныншы орындарға тұрақтады (шаршы метріне 169 мың және 161 мың теңге).

Шаршы метрі 170-180 мың теңге болатын пәтерлерді Петропавл, Орал және Қостанай қалаларынан табуға болады екен.

Ал еліміздегі ең қымбат пәтерлер бұрынғыдай Алматыдағы пәтерлер болып қала бермек. Мұнда мамандардың айтуынша, пәтердің шаршы метрі 338 мың теңге тұрады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама