Қазақстанда қай қалаларда баспана арзан?

© krisha.kz

Krisha.kz еліміздегі ?ай ?алаларда т?р?ын ?й ба?асы арзан екенін аны?тап, рейтинг жасады.

Krisha.kz еліміздегі қай қалаларда тұрғын үй бағасы арзан екенін анықтап, рейтинг жасады.

Мамандар жариялаған рейтингке қарағанда, 5-орында Өскемен қаласы тұр. Krisha.kz мәліметігше, қаңтар айында Өскемендергі пәтердің шаршы метрі 165,4 мың теңге тұрған. Бұл Алматы және Астана қалаларымен салыстырғанда екі есеге арзан. Осылайша, аумағы 40 шаршы метр болатын стандарт пәтердің орташа бағасы Өскеменде шамамен 6,6 миллион теңге болады екен.

4-орында Шығыс Қазақстан облысындағы тағы бір қала - Семей тұр. Онда пәтердің шаршы метрінің орта бағасы 160,4 мың теңге екен. Яғни, Семейде бір бөлмелі пәтерді 6,4 миллион теңгеге алуға болады. Ал одан үлкенірек шамамен 80 шаршы метр болатын пәтерлер 12,8 миллионға бағаланады.

Реклама
Реклама

Рейтингтің 3-орнына Павлодар тұрақтады. Павлодарда пәтердің шаршы метрі Семейдегідей шамамег 159,5 мың теңге екен. Сондай-ақ, мамандардың мәліметтеріне қарағанда, Ақтөбеде пәтердің шаршы метрі 155 мың теңгеге бағаланады екен. Осылайша, Ақтөбе рейтингтің 2-орнына тұрақтады.

Ал ең арзан пәтерлер Таразда екен. Онда пәтердің шаршы метрі - 151,9 мың теңге.

Мамандардың айтуынша, Семейде, Павлодарда, Ақтөбеде және Таразда 6 миллион теңгеге бір бөлмелі, ал 12 миллион теңгеге үш бөлмелі пәтер сатып алуға болады. Айта кетейік, бұл баға басқа қалалармен салыстырғанда 5-6 миллион теңгеге арзан.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама