ҚИК өкілдері 12 пайыздық мөлшерлемемен ипотеканың қашан беріле бастайтынын айтты

© wemontreal.com

Қазақстан ипотекалық компаниясы (ҚИК) "Орда" жаңа ипотекалық бағдарламасының қай кезде іске қосылатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан ипотекалық компаниясы (ҚИК) "Орда" жаңа ипотекалық бағдарламасының қай кезде іске қосылатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚИК алғашқы заемдарды биыл қазанның аяғында бермекші. Екінші деңгейлі банктермен келісімшарт жасасу басталды. Қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз мөлшерлемесі жылдық 12 пайыз болады. Жасы 21-ден жоғары ҚР кез келген азаматы қарыз алушы бола алады. Қазақстанның 16 қаласында ипотека қолжетімді болады. Несиені өтеу сәтінде қарыз алушының немесе қосалқы қарыз алушының жасы зейнеткерлікке шығатын жастан аспауы тиіс.

"Орда" ипотекасы кіріс толық расталған кезде тұрғын үй құнының 30 пайызынан бастап және ішінара расталған кезде 50 пайыздан бастап бастапқы жарна төлеуді көздейді. Бұл ретте бастапқы жарна қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаларға тиесілі жылжымайтын мүлік түрінде қосымша кепілмен ауыстырылуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Төлем қабілеттілігін толық растаған кезде, қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз мөлшерлемесі жылдық - 12, кірісті ішінара растаған кезде жылдық 14 пайыз болады. Кепіл ретінде пәтерді пайдалануға болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама