05 тамыз 2019 | 14:13

Тараз тұрғындарын "Нұрлы жер" бағдарламасына қатысуға шақырады

Сурет Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Тараз қаласының әкімдігі жергілікті тұрғындарды "Нұрлы жер" бағдарламасына қатысуға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тараз қаласының әкімдігі жергілікті тұрғындарды "Нұрлы жер" бағдарламасына қатысуға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы №922 қаулысымен "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бекітілген.

Реклама
Реклама

"Аталған бағдарлама аясында Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта көлемі 80, 116, 125 шаршы метрді құрайтын 255 жеке тұрғын үйдің құрылысын "Ремстрой-СС" ЖШС, "Компания Сырым Блеке" ЖШС, "KCC Construction" ЖШС, "Damdes құрылыс invest" ЖШС жүргізуде. Осыған байланысты, 2005 және 2006 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер теліміне арнайы кезекте тұрған азаматтарды "Нұрлы жер" бағдарламасына қатысуға шақырамыз", - делінген хабарламада.

"Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру бойынша арнайы құрылған штаб Тараз қаласы, Жүнісалиев көшесіндегі №1 үйдің №2 іс-бөлмесінде орналасқан. Байланыс телефондары: 43-54-77, 43-71-15.

Бағдарламаның ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру деген бағыты бойынша кез келген жеке тұлға:

- банкке нарықтан бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген кредит алу үшін ипотекалық қарыз алуға құжаттарды (бастапқы тұрғын үйдің және өзінің жеке құжаттары) және субсидия алуға өтініш беру тиіс;

- ішкі құжаттарымен белгіленген процедураларға сәйкес банк төлем қабілеттілікті және ұсынған кепілдікті бағалайды;

- ипотекалық қарыз беру туралы оңтайлы шешім қабылданған жағдайда, банк
3 жұмыс күні ішінде Қазақстан ипотекалық компаниясына субсидия беру туралы қолдаухат жолдайды;

- Ипотекалық компания 5 жұмыс күні ішінде құжаттардың Бағдарламаның талаптарына сәйкестігін тексереді және субсидиялау туралы шешім қабылдайды;

- шығарылған шешімнің негізінде банк қарыз алушымен банктік қарызы, төлеу кестесін, ипотекалық келісімін жасасады.

Еске салайық, "Нұрлы жер" бағдарламасы 2017-2031 жылдарға арналған. ҚР Президентінің тапсырмасымен 2016 жылдың соңында Үкімет "Нұрлы жер" бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама қазақстандық отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған.

"Нұрлы жер" бағдарламасының аясында салынып жатқан нысандар туралы ақпаратты baspana.kz сайтынан білуге болады. Бұл портал тұрғын үйлерді таңдау ыңғайлы, ал бөлістіру ашық, айқын болсын деп арнайы жасалған. Мұнда қолжетімді үйден үміткер азамат өзі пәтер алғысы келетін қаланы таңдап, аймақта қандай нысандар салынып жатқанын біліп, өтініп қабылданып жатқан-жатпағанын анықтап, ұнаған пәтерді таңдап, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысу үшін өтінім бере алады. Нысан бойынша өтінімдер қабылдау құрылыс аяқталғанға дейін бірнеше ай қалғанда басталады. Пулға барлық ТҮҚЖБ клиенттері қатыса алады, алайда мемлекеттік бағдарлама талаптарына толық сай келетін және ең көп балл жинаған салымшылар ғана баспаналы болу мүмкіндігіне ие. Балл саны депозиттің қаншалықты тұрақты толықтырылып отырғандығы және шоттың әрекет ету мерзіміне байланысты. Осылайша депозит неғұрлым ерте ашылса және оған дер кезінде ақша салынып отырса, балл да соғұрлым жоғары болмақ. Балды арнайы бағдарлама есептейді, адам араласа алмайды, яғни процесс ашық автоматты түрде жүреді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная