31 тамыз 2019 | 12:21

Түркістанда 700-ге жуық отбасы баспаналы болды

Бүгін ҚР Конституция күніне орай, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа пәтер иелерінің қуанышымен бөлісіп, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, түркістандық отбасыларға пәтер кілтін табыстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін ҚР Конституция күніне орай, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа пәтер иелерінің қуанышымен бөлісіп, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, түркістандық отбасыларға пәтер кілтін табыстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Отырар" ықшам ауданында салынған көпқабатты тұрғын үй "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп отыр. Жаңа баспана иелеріне 5 қабатты 11 тұрғын үй берілді. Бір бөлмелі 165 пәтер, екі бөлмелі 165 пәтер және 3 бөлмелі 330 пәтер ел игілігіне беріліп, 660 отбасы қоныс тойын тойлады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, пәтер иелері атанғандар - кезекте тұрған халықтың әлеуметтік аз қамтылған және тұрғын үйге мұқтаж санатына жататын азаматтар. Қолданысқа берілген бұл көп қабатты тұрғын үйдің инфрақұрылымдары толықтай ретке келтірілген. Пәтерлер талапқа сай жасақталып, әрленген.

Қуанышты шараға жиналған көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Жыл соңына дейін тағы да қала тұрғындарына 5 қабатты 9 тұрғын үй тапсырылатын болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная