Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын алу тәртібі жеңілдетілді

© Тұрар Қазанғапов

Енді жылжымайтын м?лік объектісіні? жа?а техникалы? паспортын алу ж?не с?йкестендіру сипаттамаларыны? ?згерістерін тіркеу ?шін халы??а ?ызмет к?рсету орталы?ына бір рет барса?ыз жеткілікті. Б?рын ?ызмет алушы б?л мемлекеттік ?ызметті алу ?шін Х?КО-?а кемінде ?ш рет баруы ?ажет болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтар?а арнал?ан ?кімет" мемлекеттік корпорациясыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Енді жылжымайтын мүлік объектісінің жаңа техникалық паспортын алу және сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бір рет барсаңыз жеткілікті. Бұрын қызмет алушы бұл мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға кемінде үш рет баруы қажет болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, деректердің өзгерістерін тіркеуге 2 факті - қайта өлшеу кезінде анықталған алаңның өзгерісі және жылжымайтын мүлік объектісін қайта жоспарлаған жағдайдағы сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерісі негіз болуы мүмкін.

Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және т.бнәтижесінде алаң көлемі өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендіру деректерінің өзгерістерімен тіркелген техникалық паспортты және құқық белгілейтін құжатты (жекешелендіру, сыйға беру, сату-сатып алу шарты) алады.

Реклама
Реклама

Жылжымайтын мүлік қайта жобаланған немесе қайта жабдықталған жағдайда, азамат жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркетуі қажет. Ол үшін алдымен өзгерістерді заңдастыру үшін сәулет органдарына жүгіну қажет, нәтижесінде ол пайдалануға қабылдау актісін алады. Бірақ, Құмарғалиевтің айтуынша, енді барлық құжаттар топтамасын мемлекеттік корпорация қызметкері жинап бере алады. Ол сенімхат негізінде өз бетінше барлық құжаттар топтамасын жинақтайды, оның ішінде пайдалануға арналған қабылдау актісін де ресімдейді. Ал қызмет алушы ХҚКО-дан дайын құжатты алады.

Құжаттар топтамасын жинақтау қызметін мемлекеттік корпорация қызметкерлері ақылы негізде жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Бұл сервис мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне келуге және құжаттар жинауға уақыты жоқ азаматтарға ыңғайлы болуы үшін ұйымдастырылған, сондай-ақ ол бизнес жүргізу жағдайларын жеңілдетуге арналған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама