2015 жылғы отандық үздік фильм анықталды

Ұйымдастырушылар жолдаған сурет

Қазақстанның киносыншылары 2015 жылғы отандық үздік фильмді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үздік фильм" аталымы бойынша продюсер Асқар Ұзабаев пен режиссер Жасұлан Пошановтың "Шлагбаум" картинасы жеңімпаз атанды. Ал екінші категориядағы "Үздік фильм комедия, экшн, боевик" аталымында продюсер Баян Ерімбет пен режиссер Асқар Бисембиннің "Үшеуге арналған үйлену тойы" үздік деп танылды. "Жол" картинасын түсірген Асқар Ұзабаев үздік режиссер болды. 

"Үздік қысқа метражды фильм" аталымын "Өліара" жеңіп алды. "Үздік актриса" атағы "Үшеуге арналған үйлену тойы" картинасындағы ролі үшін Аружан Жазылбековаға бұйырса, "Үздік актер" аталымын "Шлагбаум" фильміндегі ролі үшін Еркебұлан Дайыров жеңіп алды.

Реклама
Реклама

"Екінші пландағы үздік актер" Димаш Ахимов ("Жол") болды, осы аталым бойынша әйелдер арасынан Роза Хайруллина ("Жат") жеңімпаз атанды.

Үздік оператор Азамат Дулатов ("Жол"), үздік сценарий жазушылар Ерлан Нұрмұхамбетов және Ержан Рүстембеков ("Жаңғақ ағашы") болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама