Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театры әртістері Грузияны өнерімен тәнті етті

Камила Долаева Журналист
©Айнаш Ондирис

?аза?станны? опера ж?лдыздары тарихи Тбилиси театрында ?лкен жетістікпен ?нер к?рсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Гала-концерт Абай атында?ы ?аза? Мемлекеттік академиялы? Опера ж?не балет театры хоры, солистер мен симфониялы? оркестр с?йемелдеуімен аншлагпен ?тті.

Қазақстанның опера жұлдыздары тарихи Тбилиси театрында үлкен жетістікпен өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Гала-концерт Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театры хоры, солистер мен симфониялық оркестр сүйемелдеуімен аншлагпен өтті.

Тбилисиде өткен гала-концертте театрдың жетекші әртістері мен ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзат Дәуірбаева, Балапан Жұбаева, Дина Дүтмағамбетова, Талғат Күзембаевтар; Халықаралық конкурстардың лауреаттары Зарина Алтынбаева, Оксана Давыденко, Елена Никонова, Надя Наденова, Анастасия Кожухарова, Дана Таласбекова, Дамир Сәдуақасов, Эмиль Сакавов, Олег Татамиров, Балуан Беркенов, Төлеген Рахымбаев, Тахир Тажи қазақ, батыс және грузин композиторларының шығармаларын орындады. 

Реклама
Реклама

Музыка кешін ҚР еңбек сіңірген әртісі, театрдың көркемдік жетекшісі, дирижер Асқар Бөрібаев басқарды.

Көрермендер қазақстандық әртістердің өнерін қошеметпен қабылдады. Олардың ерекше қуанышына грузин операсының "Дейси" және "Тбилиси туралы ән" композициясы себеп болды. Тбилисиліктер Қазақстан әртістеріне ұзақ, дулы қол шапалақ сыйлады. 

7 маусым мен 9 қыркүйек аралығында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Грузияға гастроль сапарымен барған. Қазақстанның классикалық өнер шеберлері шығармашылығын ел тұрғындарына таныстырды.

Гастроль сапары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі қолдауымен өтті.


©Айнаш Ондирис


 ©Ilia Baburashvili

Мұның алдында Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театры Тбилисиде танымал "Абай" операсы мен "Бақшасарай бұрқағы" балетін қойған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама