29 маусым 2017 | 18:16

АҚШ-та бір аяғынан айырылған қазақстандық биші туралы фильм түсірілді

АҚШ-тағы отандастары туралы бірнеше фильм түсірген қазақстандық режиссер тағы бір туындысын дүниеге әкелді. Қанат Бейсекеев бір аяғынан айырылғанымен, АҚШ-та биші болып жүрген қазақстандық жігіттің өмірін экранға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тағы отандастары туралы бірнеше фильм түсірген қазақстандық режиссер тағы бір туындысын дүниеге әкелді. Қанат Бейсекеев бір аяғынан айырылғанымен, АҚШ-та биші болып жүрген қазақстандық жігіттің өмірін экранға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін, 29 маусымда Қанат Бисекеевтің "Билегім келеді" фильмінің тұсаукесері болды. Фильм Дима Ким атты алматылық жігіт туралы. Ол бір жыл бұрын АҚШ-қа келіп, бимен табыс көргісі келген. Бес ай бұрын ол қайғылы оқиға салдарынан бір аяғынан айырылды. 

Реклама
Реклама

"Бұл ауыртпашылық пен сұлулық, ерлік пен үміт баяны. Жабығу мен қажудан басталып, оны жеңумен, өз арманы үшін күреспен жалғасады", - дейді автор. Картина оның өмірі, жұмысы мен жеңе алған күйзелісі туралы. 

"Мен наурызда түсіре бастадым. Түсірілім үшін АҚШ-қа екі рет бардым. Бұл оқиға мені шабыттандырды, мұндай ерлік оқиғасы біздің қоғамға керек", - дейді Қанат Бейсекеев. 

Мұның алдында сценарист әрі оператор Қанат Бейсекеев көреремен назарына бірнеше фильм ұсынған болатын. Оның соңғы жұмыстарының бірі - Нью-Йорктегі ең мықты полицей атанған қазақ жігіті туралы. Ал оған дейін ол көрермендер жүрегін тебіренткен "Бала" фильмін ұсынған болатын. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная