19 қыркүйек 2019 | 10:10

Актриса Анастасия Заворотнюктің диагнозы айтылды

© РИА Новости

Ресейдің Н. Н. Бурденко атындағы ұлттық медициналық зерттеу орталығының президенті Александр Коновалов "Москва 24" телеарнасының эфирінде актриса Анастасия Заворотнюктің диагнозы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Н. Н. Бурденко атындағы ұлттық медициналық зерттеу орталығының президенті Александр Коновалов "Москва 24" телеарнасының эфирінде актриса Анастасия Заворотнюктің диагнозы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, актриса аурудың алғашқы белгілері шыға бастаған кезде ұлттық медициналық зерттеу орталығына жүгінген. Одан кейін Германияда емделуге шешім қабылдаған. 

Реклама
Реклама

"Ол жерде ота сәтті өтті. Бірақ мәселе отаның жасалуында емес, яғни ол емделудің негізгі бөлігі емес. Бұдан кейін тағы да емделу қажет", - дейді дәрігер. 

Коновалов отадан бөлек сәулелендіру, химиотерапия және арнайы дәрі-дәрмектермен емделу қажет екенін атап өтті. 

"Ол препараттар арнайы ісіктерге ғана қолданылатын қымбат дәрі-дәрмектер", - дейді Коновалов.

Дәрігердің айтуынша, глиобластома - өте қауіпті ауру және одан айығу қиын екен. 

Еске салайық, тамыздың соңында актриса Анастасия Заворотнюктің денсаулығы нашарлағаны туралы хабарланған. Ақпаратты анықтамастан "Ласковый май" тобының продюсері Андрей Разин актрисаға мидың қатерлі ісігі диагнозы қойылғанын айтқан.

Ал 13 қыркүйекте актрисаның Мәскеу ауруханаларының бірінде ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная