ПОДЕЛИТЬСЯ
31 тамыз 2021 | 09:37
Актриса Венера Нығматулина COVID-19 жұқтырғаннан кейін жағдайын айтты
Танымал қазақстандық актриса Венера Нығматулина коронавирус жұқтырып, оны ауыр өткергені туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Танымал қазақстандық актриса Венера Нығматулина коронавирус жұқтырып, оны ауыр өткергені туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Перекресток" сериалының жұлдызы Instagram-парақшасында оттегі аппаратында жатқан суретін жариялады.
"Ең жаманы артта қалды деп үміттенемін. Қиын күндердің өзі жақындарыңыздың қолдауын сезінгенде жеңілдейді! Олардың қолдауынсыз қалай аман қалар едім білмеймін! Жақын жандарға рахмет... Қиын сәттерде қолдағандары үшін рахмет! Директор Ұлықбек Медеубековке және мені аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған барлық медицина қызметкеріне алғыс! ... Өмір қандай тамаша!" - деп жазды 59 жастағы актриса.
Желі қолданушылары актрисаның тез сауығып кетуін тілеп, пікір қалдырып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также