09 қыркүйек 2020 | 13:21

"Алматы жүрегімде" атты жаңа телехикая көрерменге жол тартады

Дәурен Ерболат Журналист

"Алматы" телеарнасы Ұлы Отан соғысы кезінде алматылықтардың және қалаға көшірілген азаматтардың өмірі жайлы "Алматы жүрегімде" атты жаңа телехикая түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Алматы" телеарнасы Ұлы Отан соғысы кезінде алматылықтардың және қалаға көшірілген азаматтардың өмірі жайлы "Алматы жүрегімде" атты жаңа телехикая түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін "Алматы жүрегімде" телехикаясының алдын ала көрсетілімі Zoom бағдарламасы арқылы онлайн-форматта өтті. Ал көрермен жаңа телехикаяны "Алматы" телеарнасынан 14 қыркүйекте кешкі сағат 20:35-те тамашалай алады. Онда кейіпкерлер басқа түскен қайғы-қасіретке қарамастан, жарқын болашақтан күдер үзбей, кедергілерге мойымай, бақыт үшін күреседі.

Реклама
Реклама

"Алматы жүрегімде" атты жаңа телехикаяда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ зиялыларының өмірі мен қызметі көрініс табады. 1941 жылы қыста Ресейдің танымал жазушысы қызымен бірге Қазақ КСР астанасы Алматыға қоныс аударады. Алла Корчевская дарынды, әрі жас опера әншісі. Зұлмат соғыс басталар алдында анасынан айырылған Алла жабырқаулы күй кешеді. Әкесіне де бұл қаза ауыр тиеді. Эвакуацияланған мәдениет қайраткерлерінің басым бөлігі әйгілі "Лауреатникте" өмір сүрсе, Корчевскийді қазақтың танымал жазушысы өз үйіне шақырады. Қасымовтың ұлы Әмір Аллаға ғашық болады. Әмір - жас, сымбатты, батыр, әрі дарынды музыкант. Ол бойжеткенді Кеңес үкіметінің әйгілі әртісінің қатысуымен өтетін "Бақшасарай субұрқағы" балетіне шақырады. Содан бері Опера театры Алланың өмірінің бір бөлшегіне айналады", - делінген хабарламада.

Телехикая ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің қолдауымен түсірілген. Басты рольдерде Гүлмира Дайрабаева, Роза Мұқатаева, Алдияр Байракимов және Данил Попов ойнайды.

"Алматы жүрегімде" телехикаясы Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналады. Бұл сұрапыл соғыс кезеңіндегі зиялы қауымның өмірінен сыр шертетін, шынайы оқиғаға негізделген фильм. Соғыс жылдары Алматы бүкіл Кеңес үкіметінен  эвакуацияланған азаматтарға пана болып, театр және кино майталмандарының басын қосты. Басты кейіпкер арқылы алматылықтардың қиын-қыстау кезеңдерді өткеруі, адамгершілік қасиеттен айырылмай, кино және театр саласын дамытып, болашақ пен бейбіт өмірге ұмтылысы көрініс табады", - дейді "Алматы" телеарнасының бас директоры Нұржан Мұхамеджанова.

Сондай-ақ, әнші, актер Айбек Серікханов жаңа телехия көрермендерге ұнайды деген пікірде.

"Бұл сериал тарихи оқиғаға негізделген. Онда 1940-жылдардағы оқиға көрсетіледі. Қазір таңда локация іздеп табу да қиын, ескі ғимараттар да аз қалды. Түсірілім кезінде 1940 жылдарда жүргендей әсерде болдық. Телехикая көрермендердің көңілінен шығады деп ойлаймын. Біз барымызды салдық", - дейді актер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная