30 қараша 2022 16:03

"Алматы" телеарнасы қаңтар оқиғасы туралы фильм түсірді

Дина Шарипханова Корреспондент

"Алматы" телеарнасы журналистік тергеу жанрында қаңтар оқиғасы туралы авторлық бес сериялы фильм түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматы" телеарнасы журналистік тергеу жанрында қаңтар оқиғасы туралы авторлық бес сериялы фильм түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фильмде эксклюзив сұхбаттар мен бұрын белгісіз болған деректер бар, ең бастысы, тәртіпсіздіктер мен жантүршігерлік бүлікке әкелген наразылықтың хронологиясы жасалған.

Реклама
Реклама

Тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен куәгерлер әңгімесінен көрермен қайғылы қаңтардың басында не тұрғанын, қарақшылар әкімдікті, әуежайды және Полиция департаментін қандай мақсатта басып алғысы келгенін біледі. Телеарна журналистері бүкіл елдегі хаостың кімге пайда әкелгенін және мемлекет қалай құтқарылғанын түсіну үшін сол оқиғаларға талдау жасайды.

Осы бейсенбіде сағат 20:00-де "Алматы" телеарнасында, сондай-ақ Almaty.tv YouTube-арнасында "Трагический Қантар: Начало" фильмінің бірінші бөлімін өткізіп алмаңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram