ПОДЕЛИТЬСЯ
11 желтоқсан 2017 | 11:07
Алматыда бақытын тапқан үнді қыздың оқиғасы туралы кино прокатқа шығады
2017 жылы 14 желтоқсанда Болливудтың "Khushi Motion Pictures" кинокомпаниясы, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ қатысуымен (ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша) түсірілген "Туған үйім- тірегім" ("Love you family") атты үнді фильмі ұлттық прокатқа шығады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кинотуынды Хуши Девани атты үнді қызының тағдыры туралы баяндалады. Сүйіп қосылған күйеуінен қорлық көрген ол, Алматыға келіп, жұмысқа орналасып, биіктерден көрінеді.
"Фильмнің Үндістандағы прокаты табысты болды. Қазақстанда ешқашан болмаған біздің көрермендер үшін Алматы қаласының әдемі көріністерін тамашалау қызықты болды. Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігіне және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сенім білдіріп, қолдағандары үшін алғыс айтамыз. Сонымен қатар, "Қазақфильм" киностудиясына түсірілім кезінде кәсіби деңгейде көмек көрсеткендеріне алғысымыз шексіз. Бірлесіп түсірген туындымыздың сәтті шыққанына қуаныштымын. Менің білуімше, Қазақстанда үнді фильмдерін сүйіп тамашалайтын көрермендер көп, сондықтан да бұл фильм қазақстандықтардың көңілінен шығады деп ойлаймын", - деді фильмнің продюсері Випул Девани.
Показать комментарии
Читайте также