ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қаңтар 2020 | 17:09
Алматыда белгілі кинематографистер үйі сатылымға шықты
Алматыда кинематографистер үйі сатылымға шықты. Белгілі тарихи нысанды сату туралы хабарландыру жылжымайтын мүлік сайтында жарияланды. Ауданы 1 400 шаршы метр, құны - 900 миллион теңге, - деп хабарлайды Krisha.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда кинематографистер үйі сатылымға шықты. Белгілі тарихи нысанды сату туралы хабарландыру жылжымайтын мүлік сайтында жарияланды. Ауданы 1 400 шаршы метр, құны - 900 миллион теңге, - деп хабарлайды Krisha.kz.
Ғимарат Бөгенбай батыр (бұрынғы Киров) мен Зенков көшелерінің қиылысында орналасқан. Ол 1941 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген. Кей мәліметтерге сәйкес, үй Абай атындағы ҚазПИ-дің профессор-оқытушылар құрамы үшін салынған. Алайда Ұлы Отан соғысы жылдарында онда мәртебелі кино қайраткерлері қоныстандырылған.
Атақты адамдардың арасында - режиссер, КСРО халық әртісі, профессор Борис Бабочкин, Кеңес киносының қайраткерлері Григорий Рошаль, Григорий Козинцев, Сергей Эйзенштейн, Всеволод Пудовкин, ағайынды Васильевтер, Иван Пырьев және басқалары бар.
Кинематографистердің иелігінде тек сегіз үш бөлмелі пәтер болған, сондықтан лауреаттар мен олардың туыстары, шамамен 70 адам, бірігіп отбасыларымен тұрған.
Үйдің ұзақ уақыт бойы бастапқы келбетті сақталды. Алайда 2000-жылдардың басында нысан қайта жаңартылып, коммерцияланды.
Сатушының өкілі ғимарат жөндеуді қажет етпейтінін хабарлады. Өрт дабылы мен бейнебақылау камералары орнатылған екен және тәулік бойы жұмыс істейтін күзет бар. Еске салсақ, бұған дейін сатуға қойылған басқа да атақты ғимараттар туралы хабарланған болатын. Олардың қатарында бұрынғы "Қазақстан" кинотеатры мен "Әсем" үйі бар.
Показать комментарии
Читайте также