03 қыркүйек 2020 | 17:42

Алматыда кинотеатрлар қандай жағдайда ашылатыны айтылды

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин көрермендерді 30 пайыз сыйымдылықпен кинотеатрларға кіргізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин көрермендерді 30 пайыз сыйымдылықпен кинотеатрларға кіргізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Театрлар мен кинотеатрлар қазір онлайн-режимде жұмыс істеп жатыр. Енді біз әр театрға театр әкімшілігі қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететіні туралы нұсқауларды қарастырып жатырмыз. Бұл қашықтық, маска мәселелеріне қатысты. Әрине, ғимараттарда адам саны шамадан тыс болмауы керек. Егер бұл шаралар сақталса, санитайзерлер, қашықтықтан істейтін термометрия орнатылса, бұл объектілер жұмыс істейді.

Қазір көрермендердің 30 пайызын кинозалға кіргізу мәселесі қарастырылып жатыр. Залдың конфигурациясына байланысты. Ол не шахмат түрінде, не қатарлар немесе көрші орындықтар арасында бір метр қашықтық болады. Осындай ұсыныстар түсіп жатыр. Әр зал өзінің нұсқасын ұсынады. Егер шаралар сақталса, онда 30 пайызға көрерменге жол беріледі", - деді Бекшин.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная