Альмира Тұрсынның "Томирис" түсірілімінде ат үстінде отырған видеосы Қазнетті ду күлдірді

Альмира Тұрсын

"Томирис" фильмінде басты р?лде ойнайтын Альмира Т?рсынны? ат ?стіндегі ?зілі ?азнет ?олданушыларын к?лдірді. ?ыз бала ?ыс?а ?ана видео роликті Instagram желісіндегі пара?шасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Томирис" фильмінде басты рөлде ойнайтын Альмира Тұрсынның ат үстіндегі әзілі Қазнет қолданушыларын күлдірді. Қыз бала қысқа ғана видео роликті Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода ірі планмен патшайым Томирис (Альмир Тұрсын) ат үстінде жазық далада қылыш ұстап шауып келе жатады. Содан кейін камера басты кейіпкерден алшақтаған кезде ғана аттың бір орында тұрғаны белгілі болады. 

Пікір қалдырушылар әртіс қыздың әзілін жақсы қабылдады. 

Реклама
Реклама


видео Instagram/Almiratursyn

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Сатайфильм" кинокомпаниясымен бірлесіп, "Томирис" атты тарихи жобаны түсіріп жатыр. Киностудияның мәліметінше, бұл картинада ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымы туралы баяндалады. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама