Анджелина Джоли мен Брэд Питт татуласты - БАҚ

© people.com

Голливуд ж?лдыздары Анджелина Джоли мен Брэд Питт татуласып, бір-бірімен адвокаттарсыз с?йлесетін болды, - деп хабарлайды People басылымы ?здеріні? дерекк?здеріне сілтеме жасап.

Голливуд жұлдыздары Анджелина Джоли мен Брэд Питт татуласып, бір-бірімен адвокаттарсыз сөйлесетін болды, - деп хабарлайды People басылымы өздерінің дереккөздеріне сілтеме жасап.

"Брэд Питт енді өзін бақытты сезініп жатыр. Бұл жұп үшін ауыр кезеңдер артта қалды", - деп айтып өтті дереккөз. 

People басылымының мәліметінше, жақында Анджелина Джоли ABC телеарнасына берген сұхбатында Брэд Питті күтпеген жерден "тамаша әке" деп атаған екен.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, былтыр 19 қыркүйекте Анджелина Джоли Брэд Питтпен ажырасу туралы арыз берген болатын. Оның айтуынша, Брэд баласымен ұшақ ішінде дөрекі сөйлескен. Отбасы өздерінің үш баласын және асыранды үш баланы тәрбиелеп келген. Олардың жасы 8-15 аралығында.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама